ҚАЙРАҚТЫҢ КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІНІҢ АТРИБУТЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.12.06Түйінді сөздер:
қайрақтас, білеу, сынама тас, жанқайрақ, билік белгісі, жауынгерлік атрибут, магиялық затАннотация
Андатпа. Бұл мақала Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорындағы белдік «жанқайрақты» зерттеуге арналған. Көшпелі халықтарда белдікке қайрақ іліп жүру дәстүрі сақ-скиф заманынан басталады. Көшпелі жауынгер үшін белдікке ілінген қайрақ оның жауынгерлік тұрақты атрибуттарының бірі болды. Сондықтан қайрақ қайтыс болған адамның о дүниеде де қолдануына арналған жерлеу заттарының құрамына кірді. Әртүрлі пішінді кесек түріндегі қайрақтар әр кезеңдегі көшпенділердің қабірлерін қазу кезінде жиі табылып отырады. Көшпелі халықтардың дәстүрлі мәдениетінде белдік қайрақ жауынгерлік қарудың жүзі мен ұшын қайрау үшін ғана пайдаланып қоймай, басқа да маңызды қызметтерді атқарды. Ол қымбат металдардың тазалығын анықтайтын және тексеретін «сынама тас» ретінде қолданылды. Білеме-қайрақтар ғұрыптық маңызға ие болып, магиялық қорғаныш зат ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар, олар жоғары әлеуметтік мәртебенің белгісі қызметін атқарды.
Қайрақ тастың барлық қызметтері қазақтарда кейінгі заманға дейін сақталып келді. Қазақтардың өмірінде де қайрақ утилитарлық және символдық мақсатта қолданылып, ғибадаттық-ғұрыптық нысан ретінде пайдаланылды. Мақаланың мақсаты – қазақтың белдік қайрақты қолдану ерекшелігін зерттеу. Зерттеу нысаны – ер (жауынгер) атрибутының шығу тарихы, әскери қызметтегі рөлі және пайдалану дәстүрлері. Дереккөздер ретінде археологиялық артефактілер, бейнелеу материалдары (түріктердің, кимақтардың, қыпшақтардың және ортағасырлық көшпенділерінің тас мүсіндері), музей экспонаттары және әртүрлі археологиялық кешендердің материалдары бойынша ғылыми жарияланымдар пайдаланылды.

