ӘЗІРБАЙДЖАН ҰЛТТЫҚ КІЛЕМ МУЗЕЙІ: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕҢІСТІКТЕГІ ЕЖЕЛГІ ӨНЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.12.02Түйінді сөздер:
Әзербайжан кілемі, кілем музейі, көрмелер, инклюзивті жобаларАннотация
Аңдатпа. Бұл басылымда ЮНЕСКО әлемдік мәдени мұраның бір бөлігі ретінде танылған Әзербайжан кілем өнерінің тарихы мен қазіргі заманғы дамуы туралы тақырып қозғалған. Әзербайжан Ұлттық кілем музейінің қызметіне, оның бірегей көрмесіне және дәстүрлерді сақтау және насихаттау жобаларына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, ежелгі ою-өрнектердің қазіргі заманғы өнерге және дәстүр мен инновацияны біріктіретін суретшілердің жұмысына ықпалын көрсетеді.
Автор музей тарихына да, ұлттық әзербайжан кілемдерінің өрнектерінің бай әртүрлілігі мен бейнесінің тереңдігіне де ерекше назар аударады, мұнда әрбір элемент халықтың мәдениетін, тарихын және дүниетанымын көрсететін өзіндік ерекше хабарды жеткізеді.
Мақалада дәстүрлі Әзербайжан кілем тоқу шығармашылығы сәндік-қолданбалы өнер мен зергерлік бұйымдардың жаңа түрлері арқылы ұлттың тарихи-мәдени мұрасын қайта жаңғыртып бейімдейтін заманауи қолөнершілер мен суретшілер үшін негіз және шабыт көзі бола алатыны көрсетілген.

