ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНІҢ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРЫ: ТАРИХЫ МЕН МАЗМҰНЫНА ШОЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.12.04Түйінді сөздер:
музей ісі, музеология, музейлік мерзімді басылымдар, ғылыми журналдар, музейлік коммуникация, музей тарихы, Қазақстан музейлері, ғылыми-әдістемелік басылымдар, музей тәжірибесі, мәдени мұраАннотация
Аннотация. Мақалада музей ісіндегі мерзімді басылымдардың қалыптасуы мен дамуы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің хронологиялық шеңбері XIX ғасырдың ортасынан бастап XXI ғасырдың бірінші ширегіне дейінгі кезеңді қамтиды. XX ғасырдың басынан бастап Еуропа елдері мен АҚШ және халықаралық музейлік ұйымдардың аясында жарық көрген жетекші салалық журналдардың музей теориясы мен практикасының дамуына қосқан үлесі айқындалады.
Өзекті мәселе ретінде Қазақстандағы музейлік мерзімді басылымдардың тарихына ерекше назар аударылған. 1930 жылы жарық көрген «Qazaqьstan ortalьq musejinin tili – Вестник Центрального музея Казакстана» журналынан бастап, тәуелсіздік жылдарындағы «Қазақстан музейлері – Музеи Казахстана», «Мәдени мұра», өңірлік музейлер шығарған журналдар мен бюллетеньдер, сондай-ақ соңғы жылдары жарық көрген ғылыми-практикалық және электронды басылымдар жан-жақты талданады. Әр басылымның мазмұндық бағыты, ғылыми-әдістемелік деңгейі, музей ісінің теориясы мен практикасына ықпалы сараланады.
Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы музейлік мерзімді басылымдардың музей ісін дамытудағы, кәсіби тәжірибені таратудағы және ғылыми коммуникацияны қалыптастырудағы рөлін айқындайды. Сонымен қатар, зерттеуде отандық музейлік басылымдардың сапасын арттыру, рецензиялау жүйесін жетілдіру және электронды нұсқаларын қолжетімді ету сияқты өзекті мәселелерге де көңіл бөлінеді.

