БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА КӨШБАСШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.12.07Түйінді сөздер:
көшбасшы, феномен, инновация, тұлға, қабілет, жетекші, аспект, білім беру ұйымдарыАннотация
Аңдатпа. Мақалада қазіргі білім беру ұйымдарында көшбасшылықты дамытудың маңызды аспектілері қарастырылған. Білім беру ұйымдарында көшбасшылықты дамыту әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеттер арқылы жүзеге асатын мақсатты процесс. Қоғамда кез келген сала жоғары бәсекелестікпен сипатталады. Адам жетістікке ұмтылса, оның бәсекеге қабілетті болуына ұмтылысындағы жетістіктері және инновациялық тәсілдерді қолдана білуі биіктерге жету жолындағы іс-әрекеттерге сай болуы тиіс. Нағыз көшбасшылық – бұл ең алдымен өзін-өзі жетілдіру. Көшбасшылар туылмайды, олар табысқа жетуге шынымен көмектесетін қабілеттерді өзінің бойында дамыту арқылы жасалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты – білім беру ұйымдарында педагогтар арасында көшбасшылық қабілеттерді дамытуды жетілдіру. Мақалада білім беру ұйымдарының көшбасшыларына басқару қызметін тиімді және кәсіби түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды, негізгі аспектілер сараланған. Еліміздің білім беру саласында қабылданып жатқан жаңа реформалар мен жаңартылған мемлекеттік білім беру стандарттары мұғалімдердің кәсіби қызметіне өзгерістер енгізуді талап етеді, бұл білім беру процесінің сапасын жақсартады және қоғамда әр адамның өмірін жақсартуға қабілетті тұлғаларды дайындауға мүмкіндік береді.

