ҚАЗАҚТЫҢ КИІЗ БҰЙЫМДАРЫ МУЗЕЙ КЕҢІСТІГІНДЕ: ТҰСКИІЗДЕР МЕН ТҰСКІЛЕМДЕРГЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ

##article.authors##

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.12.08

Түйінді сөздер:

Тұскиіз, тұскілем, киіз, дәстүрлі қолөнер, кестелеу өнері, музей экспонаты, этнографиялық мұра, сауда-жәрмеңкелік қатынастар, мәдени құндылық

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада қазақ халқының дәстүрлі киіз бұйымдарына, әсіресе тұскиіз бен тұскілемнің музей кеңістігіндегі этнографиялық мәніне талдау жасалады. Зерттеудің негізгі мақсаты – киіз бұйымдарының тұрмыстық-функционалдық қызметін, көркемдік ерекшелігін және олардың мәдени-символдық маңызын ашу. Автор музей қорларындағы материалдарға сүйене отырып, тұскиіздердің жасалу техникасы, қолданылған шикізаттың табиғи ерекшеліктері, аймақтық атаулары мен олардың тарихи қолданысын жүйелі түрде сипаттайды. XIX ғасырдағы сауда-экономикалық байланыстардың күшеюі нәтижесінде тұскиіздердің материалдық және көркемдік түрленуі дәлелді деректермен көрсетілген. Мақалада музейлерде сақталған нақты үлгілер – ақ киізге түсірілген оюлы тұскиіз, маржанмен көмкерілген тұскілем және құрақ техникасымен жасалған нұсқалар мысалға алынады. Зерттеу нәтижесінде тұскиіз бен тұскілемнің тек сәндік элемент емес, әлеуметтік мәртебені білдіретін, ұлттық дүниетаным мен отбасылық тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын мәдени мұра екендігі айқындалды. Автор бұл бұйымдардың бүгінгі музейлік құндылығын айқындай отырып, олардың этнографиялық дереккөзі ретіндегі маңызын негіздейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-14